Ертең Қазақстан құрамасы Олимпиадаға аттанады

26 Қаңтар 2022, 12:45
1202
Бөлісу:
Ертең Қазақстан құрамасы Олимпиадаға аттанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңдегі қысқы ойындарға 27 қаңтар күні ұшып кетеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазіргі таңда Олимпиада алдындағы соңғы күндерді дұрыс ұйымдастыру аса маңызды. Қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті мен Халықаралық олимпиада комитеті ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін қатал шаралар қолдануда, 

Спортшыларға күнделікті жүріс-тұрысын енгізіп отыратын «плейбук» шығарылды. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады. Ал шетелдерде жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге барады. 

Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Жалпы еседі 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

 

Өзгелердің жаңалығы