Ерлан Саиров: Біз осы вируспен өмір сүруді үйренуіміз керек

11 Мамыр 2020, 16:14
2296
Бөлісу:
Ерлан Саиров: Біз осы вируспен өмір сүруді үйренуіміз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікірінде айтты.

Елімізде ТЖ аяқталды. Дегенмен де, жаңа әлеуметтік келбетке дайын болуымыз керек. Адамдардың маска тағуы, гигиена талаптарын сақтап жүру, жаңа мәдениеттің пайда болуына әкеледі. Коронавирус ешқайда кеткен жоқ, ол біздің жанымызда. Біз осы вируспен өмір сүруді үйренуіміз керек. Әрбір адам өзінің айналасындағы адамдар үшін жауап береді. Сондықтан, әрбір адам өзінің денсаулығына қарап, қолды антисептикпен сүртіп, маска тағуды ең басты талапқа алуы керек, - деді Саиров.

Еуразиялық интеграция институты директорының пікірінше, Президент карантин жағдайында елдің жаңа экономикалық дамуына назар аударды. 

Ең алдымен біздің еліміздің экономикасы шикізатқа бағытталған. Шикізатты игеріп, тек экспортқа ғана шығару емес. Шикізатты 4-5 деңгейдегі өңдеуден өткізу керек. Бұл экономикамызды өзгертетін алғышарттардың бірі. Біз 30 жыл бойы шикізатты экспорттап келдік. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандырумен қатар, ауыл шаруашылығына аса көңіл бөлу керек екені тағы көрініп қалды. Біз ауыл шаруашылығы ел бола тұра, импорттың үлесі өте жоғары болып отыр, - деп атап өтті ол. 

Ерлан Саиров ауыл шаруашылығында қанша адамның жеке шаруашылығы бар екенін айтты.

Президент осы 1 млн 700 мың адамның жеке шаруашылығын экономикалық айналымға енгізу мәселесі өте өзекті екенін айтты. Бұл елдегі ауылшаруашылық кооперациясын халықаралық халықаралық деңгейге көтеру өзектілігі туып отыр. Бұл өте маңызды. Себебі, біздің азаматтар. Келген қаржының барлығы сол азаматтардың есебіне жазылады. "Атамекен", "Даму" қорлары арқылы қаржыландырудың алғышарттары қарастырылған. Бұл да өте маңызды, - деді сарапшы. 

Сарапшы Қасым-ЖомартТоқаев мәлімдемесінде айтқан жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысты ойын айтты.

"5-10-20" бағдарламасы аясында еліміздің жастары мен әлеуметтік деңгейі төмен адамдарға үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып отыр. "Жаңа отбасы" банкі деген институт құрылайын деп жатыр. Бұл да халықты үймен қамтамасыз етуде жаңа серпін береді деп айтуға болады. Ең негізгісі – бағдарлама адамның игілігі үшін. Елдегі адамдардың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін барлық тетіктер бар деп ойлаймын, - деді ол. 

Саясаттанушы коронавирусқа қарсы вакцинациясыз жағдай қиын болатынын атап өтті.

Біз вирус жағдайында өмір сүруге бейімделуіміз керек. Барлық талапты қатаң сақтауымыз керек, - деп қорытындылады сөзін сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы