Ерлан Саиров: Парламенттік оппозиция – саяси процестегі үлкен қадам

6 Мамыр 2020, 16:31
1386
Бөлісу:
Ерлан Саиров: Парламенттік оппозиция – саяси процестегі үлкен қадам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды. 

Осы орайда саясаттанушы Ерлан Саиров парламенттік оппозиция ұғымының екі аспектісі бар екенін айтты.

Біріншіден, билік парламенттік оппозиция ұғымын енгізе отырып, деструктивті емес, керісінше, мұны мемлекеттік мәселелерді шешудегі дұрыс ағым ретінде мойындап отыр. Екіншіден, оппозиялық қызметке Парламентте, Парламенттегі азшылыққа өздерінің қызметін толыққанды атқару үшін белгілі бір кепілдік береді. Ол комитеттердің төрағасы болуы, комитеттерде бюджетті қараған кезде парламенттік азшылыққа белгілі бір преференция беруі мүмкін, - дейді Саиров.   

Оның айтуынша, бұл ұғым Парламентте оппозициялық жұмыстың ауқымын кеңейтуге ықпал етеді. 

Сондықтан парламенттік оппозиция жөніндегі заңды саяси процестегі үлкен қадам деуге толық негіз бар. Қай жағынан алып қарасақ та, біз демократияға келе жатырмыз, - дейді Ерлан Саиров.
Өзгелердің жаңалығы