"Еркін сөз-2019" байқауының жеңімпаздары анықталды

22 Қараша 2019, 09:33
3774
Бөлісу:
"Еркін сөз-2019" байқауының жеңімпаздары анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Түркітілдес журналистер қорының" ұйымдастыруымен, "Халық банк" АҚ қаржылық демеушілігімен қазақ журналистер арасында ұйымдастырылған "Еркін сөз-2019" шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Биыл үшінші рет өткізілген байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңге. Бас жүлдеге тағайындалған қаржы – 700 000 теңге; бірінші орын – 300 000 теңге; екінші орын – 200 000 теңге; үшінші орын – 100 000 теңге.

IMG_4940-768x512.jpg

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілде жазатын БАҚ өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, Қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет тарату.

IMG_4900-768x512.jpg

"Еркін сөз" - 2019 байқауында "Үздік телесюжет" аталымы бойынша бас жүлде Абай Сейфуллаұлына ("Астана" телеарнасы) бұйырса, бірінші орынды – Айбек Қосанов ("Еуразия" телеарнасы»); екінші орынды – Әнуар Карбозов ("Atameken Business" телеарнасы); үшінші орынды – Ришат Асқарбекұлы ("Астана" телеарнасы) иемденді.

IMG_4887-768x512.jpg

Биыл "Еркін сөз" - 2019 байқауына сайттар мен газеттерден материалдар көп келіп түсті. Қаржылық сауаттылық, банктердің пайыздық мөлшерлемесі, ипотека, депозит т.б. мәселелерді қаузаған журналистер барынша белсенді болды. Сонымен "Үздік мақала" аталымы бойынша жеңімпаздар: бас жүлде – Сәкен Орынбасарұлы ("Заң" газеті), бірінші орын – Сарби Әйтенова ("Жетісу( газеті); екінші орын – Айбөпе Сабырова (Атырау облыстық газеті); үшінші орын – Динара Жұмабекқызы ((Орал өңірі( газеті).

IMG_4883-768x512.jpg

Ал "Сайттағы үздік мақала" аталымы бойынша үздік атанғандар: бас жүлде – Аслан Қаженов (www.inbusiness.kz); бірінші орын – Айша Кеңесбай (www.kazislam.kz); екінші орын – Нұрдәулет Кәкіштегі (www.elorda.info.kz); үшінші орын – Жанбота Төлеген (www.informburo.kz).

IMG_4875-768x512.jpg

Өзгелердің жаңалығы