Еркін күрес. Ел құрамасы әлем чемпионатында бақ сынайды

26 Қазан 2021, 22:16
39854
Бөлісу:
Еркін күрес. Ел құрамасы әлем чемпионатында бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуландар арасында әлем чемпионаты өтеді.  5-7 қашара күндері еркін күрес бойынша балуандар өзара мықтыны анықтауға Белград бозкілеміне шығады. Аталған додаға Қазақстан сапынан он спортшы қатысады.

Олар: Асыл Айтақын, Ильяс Аманжолов, Сырбаз Талғат, Нұрқожа Қайпанов, Бибарыс Нұрыллаұлы, Мақсат Сатыбалды, Бекзат Үркімбай, Юнус Гафуров және Бақдәулет Өсербай.

Айта кетерлігі, 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстанның грек-рим және әйелдер күресі құрамалары да қатысады.

Өзгелердің жаңалығы