Ералы Тоғжанов облыстық балалар ауруханасына барды

18 Желтоқсан 2022, 15:45
890
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов облыстық балалар ауруханасына барды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жол апатынан зардап шегіп, қажетті ем алып жатқан 8 баланың жағдайын білу үшін облыстық балалар ауруханасына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 
 

Облыстық балалар клиникалық ауруханасында өңір басшысына жан сақтау бөліміндегі бес баланың жағдайы туралы баяндалды. Барлығы тұрақты ауыр жағдайда.

Ералы Тоғжанов облыстық балалар ауруханасына барды

Үш баланың жағдайы орташа, олар хирургиялық бөлімде ем алуда.

Балалардың ата-аналарымен кездескен өңір басшысы зардап шеккендерге жан-жақты медициналық көмек көрсетілетінін және олардың жағдайы тәулік бойы бақылауда екенін жеткізді. Олар жатқан аурухана барлық қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау басқармасының басшылығына балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлады  Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев.

Өзгелердің жаңалығы