ЕҚЫҰ өкілі Тереза Рибейро Президент реформасына тоқталды

8 Қазан 2022, 21:22
1224
Бөлісу:
ЕҚЫҰ өкілі Тереза Рибейро Президент реформасына тоқталды

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен онлайн форматта кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр Рибейро ханымға Қазақстанда Президент жүргізіп отырған реформалар, отандық медиа саласының дамуы, журналистердің құқығын қорғау және мәртебесін көтеру, сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты.

Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы реформаларында ақпарат құралдарын дамытуға да назар аударылғанына тоқталып, медиа заңнама жобасына қатысты бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

ЕҚЫҰ өкілі Тереза Рибейро Президент реформасына тоқталды

Кездесу қорытындысында Дархан Қуандықұлы Рибейро ханымды жуырда өтетін Astana Media Week іс-шарасына шақырды.

Өзгелердің жаңалығы