Енді жұмыс күндері де СОО-ға «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады

7 Қараша 2021, 14:16
1022
Бөлісу:
Енді жұмыс күндері де СОО-ға «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, корнавирустық инфекцияның таралу қаупі артады.

Сонымен қатар көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралуда, - делінген ақпаратта.

Осы жылдың 8 қарашасынан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен асырмай және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға кіру қолжетімді болады.



Өзгелердің жаңалығы