Енді Конституциялық сот қызметі одан да жоғары дәрежеге көтеріледі – саясаттанушы

Енді Конституциялық сот қызметі одан да жоғары дәрежеге көтеріледі – саясаттанушы
884

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституциялық соттың қабылдаған шешімдерінің, қызметінің маңыздылығы одан да жоғары дәрежеге көтеріледі. Мұндай пікірді заң ғылымдарының докторы, саясаттанушы Сара Идрышева айтты.

Менің ойымша, Президенттің ең батыл шешімдерінің бірі – ол өзін саяси партияларға мүшеліктен шектеуі. Бұрын Президент саяси партияның мүшесі де, төрағасы да болуға мүмкіндігі болатын. Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ондай құқықтарын алып тастауға батыл шешім қабылдады, - деп айтты саясаттанушы.

Сара Идрышева тағы бір халыққа тиімді болатын жаңалық туралы айтып берді.

Ол бұрыннан халықтың көп талқылауында жүрген Президенттің туыстары, жақын туыстарына қатысты. Енді Президенттің жақын туыстары жоғары саяси лауазымдарды иелене алмайтын жаңа норма енгізіп отырмыз. Сонымен қатар Конституциялық кеңес деп аталатын мемлекеттік орган «Конституциялық сот» деген бұрынғы атауына қайта ие болды. Бұл – өте маңызды. Енді Конституциялық соттың қабылдаған шешімдерінің, қызметінің маңыздылығы одан да жоғары дәрежеге көтеріледі, - деп түсіндірді Сара Идрышева.

Оның пікірінше, бұл орган пайдалы әрі тиімді болады.

Еске сала кетейік, 22 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізген болатын. Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін айтты.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы