Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады

28 Қазан 2021, 16:25
38009
Бөлісу:
Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады. Бұл туралы Digital Bridge 2021 форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады
Бұған дейін сіз коды бар хабарлама келгеннен кейін оны ХҚКО операторына айтатынсыз. Енді ХҚКО-дағы немесе мемлекеттік қызметтермен айналысатын басқа ұйымдардағы деректеріңіз операторларға қолжетімді болмайтындай жасағымыз келеді. Яғни операторға сізге келген кодты айтпайтындай жасауды қарастырудамыз. Өйткені операторлар азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірін немесе пәтерде кім тіркелгенін қарауы мүмкін. Осындай жағдайлардың болмауы үшін мәліметтер базасында келісім болуы керек. Бұл деректерді қорғау үшін жасалады, – деп айтты министр.

Оның сөзінше, деректерді пайдалануға келісім беруге немесе одан бас тартуға болады.

Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады

Егер сіз қандай да бір қаржы институтына немесе бір ұйымға 5 жыл бұрын деректерді өңдеуге келісім берген болсаңыз және қазір оны қайтарып алғыңыз келсе, онда сізде ондай мүмкіндік болуы тиіс. Бұл тек мүмкіндік, біз қайтарып аламыз деп айтпаймыз. Біз әрбір азаматтың жеке деректерінің қорғалғанын сезінгенін қалаймыз, – деп түсіндірді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин форумда.

Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады

Еске сала кетейік, елордада Digital Bridge 2021 халықаралық форумы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы