Еңбекмині мүгедектігі бар адамдар арасында сауалнама жүргізеді

24 Мамыр 2024, 14:10
240
Бөлісу:
Еңбекмині мүгедектігі бар адамдар арасында сауалнама жүргізеді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу үшін халықтың осы санатының пікірлері мен қажеттіліктерін зерделеу.

Сауалнама кез келген цифрлық құрылғылардан (смартфон, компьютер, планшет) онлайн сауалнаманы толтыру әдісімен жүргізіледі.

Біз әрбір азаматқа зерттеуге қолдау көрсетіп, шынайы жауап беру арқылы көмектескеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Тиісті сілтемелер арқылы сауалнаманы толтыру тілін таңдаңыз.

Қазақ тіліндегі сауалнама.

Орыс тіліндегі сауалнама.

Өзгелердің жаңалығы