Еңбек құқықтары бұзылмас үшін не істеу керегі айтылды

20 Қыркүйек 2023, 12:11
921
Бөлісу:
Еңбек құқықтары бұзылмас үшін не істеу керегі айтылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматыда 9000 астам адам жалдамалы жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда өндіріс орталықтарында 59 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 адам қайтыс болып, 26 адам ауыр жарақат алған. Сонымен қатар 30 адам жеңіл жарақаттанған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев айтып өтті.

Қаладағы кәсіпорындардың ұжымдық шарттарына мониторинг жүргізілді. Тексеріс барысында 155 ұжымдық шарт жасалды. Осы ретте, қала тұрғындары мен қонақтарына айтарымыз: жұмыс орныңызда ұжымдық шартты талап етуіңіз керек. Осылайша өзіңіздің құқығыңызды қорғай аласыздар. Жыл басынан бері өндіріс орындарында 59 жазатайым оқиға тіркелді. Жазатайым оқиғалардың әсерінен 4 адам қайтыс болды, 26 адам ауыр жарақат алды. Ал 30 адам жеңіл жарақатпен аурханаға түскен. Осындай жағдайларда ұжымдық шарт болмаса, кәсіпорын жауапкершілікті алудан бас тартуы мүмкін. Сөз соңында айтарым, қалада 9000 мыңға жуық адам жалдамалы жұмысшы болып, ал 110 мыңнан астам адам кәсіпорында жұмыс істейтініне назар аударғым келеді. Кәсіпорындар мен жұмысшылардың саны көп болған кезде еңбек құқықтары бұзылуы мүмкін екенін ескеру қажет, – дейді Алматы қалалық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан бері 708,7 млн теңгені құрайтын 1231 адамның еңбекақысы бойынша берешек өтелді.

Өзгелердің жаңалығы