Алматыда мыңнан астам адам еңбекақысына қол жеткізді

20 Қыркүйек 2023, 12:00
634
Бөлісу:
Алматыда мыңнан астам адам еңбекақысына қол жеткізді
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы қаласының еңбек инспекторлары жыл басынан бері 522 тексеру жүргізді. Тексеріс барысында еңбек заңнамасын бұзынған 783 жағдай анықталып, 387 ұйғарым шығарылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев атап өтті.

Жыл басынан бері 708,7 млн теңгені құрайтын 1231 адамның еңбекақысы бойынша берешек өтелді. Қоғамда еңбекке деген сый-құрмет орнамай аталған құқықбұзушылықтар одан ары қарай да орын ала беретіні сөзсіз. Осы ретте, біздің басқарма қаламыздағы еңбек ұсынушы орындарда 522 тексеру жүргізді. Еңбек заңнамасын бұзылған 783 жағдай анықталып, 387 ұйғарым шығарылды. Тексеріс барысында 45,3 миллион теңге сомасына 321 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы сомадан кәсіпорындардан жалақыны уақтылы төлемегені үшін 34 миллион теңге өндірілді, – дейді Еркінбек Әмірғалиев. 

Сондай-ақ 285 кәсіпорында 708,7 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешек өтелген. Бұл дегеніміз 1 231 қызметкердің еңбек құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Алайда екі кәсіпорында 182 қызметкердің 97,5 миллион теңге сомасында берешегі қалған.

Өзгелердің жаңалығы