Еңбек министрлігі елдегі жұмыссыздық мәселесін қалай шешкендерін айтты

15 Сәуір 2021, 17:07
1721
Бөлісу:
Еңбек министрлігі елдегі жұмыссыздық мәселесін қалай шешкендерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов халықты жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбы аясында өткен брифингте айтты.

Былтыр жұмыссыздықтың деңгейін 4,9%-да сақтап қалдық. Бұған «Еңбек» бағдарламасы арқылы қол жеткіздік. Бағдарлама шеңберінде 649 мың адамға көмек көрсетілді. Аталған жоба бес бағытта жұмыс істейді. Біріншісі, еңбек дағдыларын дамыту. Оның шеңберінде 18 мыңнан астам адам қысқа курстан өтті және техникалық-кәсіптік білімді 18 мың адам алды. Екінші бағыт – бұл кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы, - деп түсіндірді ол.

Оның аясында «Бастау бизнес» жобасы іске асырылды. Жоба кезінде кәсіпкерліктің негіздері (кәсіпті қалай ашу керек, қандай түрін) туралы мағлұмат берілді.

Менеджмент, маркетинг сабақтары өткізілді. Одан бөлек 45 мың адамға қайтарымсыз грант берілді. Сондай-ақ микрокредиттің саны 13 мыңды құрады.

Вице-министрдің сөзінше, осы бағыт бойынша қосымша 14 мың жұмыс орны құрылды.

Үшінші бағыт – осал топтағы адамдардың жұмыс орнын субсидиялау. Оның ішінде ең көп таралғаны – қоғамдық жұмыс. 156 мың адамды қоғамдық жұмысқа таптық. Ендігі мақсаттардың бірі – жастардың арасында жұмыссыздықты азайту. Осы бағыт бойынша «Жастар практикасы» жобасы енгізілді. Былтыр 34 мың адам жұмыспен қамтылды. 19 мың адам әлеуметтік жұмыс орнына орналасты, - деп айтты Ержан Біржанов.

Төртінші бағыт – еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру. Яғни оңтүстіктен солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын тарту. Былтыр жыл қорытындысы бойынша 1 600 отбасы (5 800 адам) солтүстікке қоныс аударды. Оның 3 000-ы еңбекке жарамды адамдар.

Бесінші бағыт – тұрақты жұмыспен қамту шаралары. Бұл бағыт бойынша 300 319 адам жұмысқа орналастырылды.

Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пандемия кезінде қанша адам жұмыссыз қалғаны туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы