«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысты

25 Қазан 2021, 10:28
7703
Бөлісу:
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазандағы жағдай бойынша 528 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды.

377,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 252,9 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 16,4 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 14,4 мың адам жіберілді, - делінген хабарламада.
6,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 22,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 165,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,4 мың адам; жастар практикасына – 24,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 123,7 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 632 отбасы немесе 5 532 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 351 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 1 679 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 119 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 9 адам оқуға жіберілді, - делінген министрлік хабарламасында.

2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

 

Өзгелердің жаңалығы