Еңбек инспекторлары 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

7 Сәуір 2022, 14:00
1941
Бөлісу:
Еңбек инспекторлары 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 230 кәсіпорнында 4,4 мың жұмыскердің алдында 866,4 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 134 нұсқама беріліп, 27 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 752,7 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы