Бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсе ме? Үкімет жоспарымен бөлісті 

Қазір 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 15:45
Бүгiн 2026, 15:45
201
Фото: depositphotos.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифингте қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ержан Біржановтың айтуынша, қазіргі уақытта Үкімет халық табысын арттыру бағдарламасын өзектендіріп жатыр.

Мамыр айында оны таныстырамыз. Қазір құжат мемлекеттік органдармен келісу кезеңінен өтіп жатыр. Бағдарламада түрлі қолдау шаралары қарастырылған, оның ішінде жалақыны арттыру мәселесі де бар. Атап айтқанда, мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын көтеру көзделген. Әрине, бәрі бюджет мүмкіндігіне байланысты, – дейді Біржанов. 

Вице-министрдің сөзінше, қазір 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

Наверх