ҰЭМ журналистерді құттықтады

26 Маусым 2020, 14:29
1341
Бөлісу:
ҰЭМ журналистерді құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер Қазақстан халқының кемел келешегі жолына барлық білім-біліктеріңізді, қарым-қабілеттеріңізді аянбай жұмсаудасыздар. Журналисталмайтын асу, ол араламайтын сала жоқ десе болады.Елге қызмет етіп, кемел келешектің іргетасын қалауға атсалысатын тілшілер қауымын қалың елі де бағалайды, - делінген құттықтауда.

Министрлік қазақстандық журналистиканың өзіндік дара жолы, берік дәстүрі қалыптасқанын жеткізді.

Құрметті тілшілер қауымы.Жаңғырған қоғам, жасампаз болашақ қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.Еліміздің шежірелі тарихы сіздер арқылы паш етіліп, елдігіміздің асқақ мұраты қарымды қаламдарыңыз арқылы өрілуде!Кәсіби мерекеде мықты денсаулық, шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз, - деп құттықтады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Өзгелердің жаңалығы