Елордалық полицейлер терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша семинар өткізді

3 Ақпан 2022, 20:49
1264
Бөлісу:
Елордалық полицейлер терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша семинар өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы семинар өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

1 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларының қатысуымен семинар өткізілді, онда Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан терроризмге қарсы қорғалу бойынша әдістемелер ұсынылды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-қимылдар және профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету егжей-тегжейлі түсіндірілді. 

Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратылған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің бары атап айтылды.

Өзгелердің жаңалығы