Елордалық полицейлер көліктерді сатумен айналысқан алаяқты ұстады

8 Мамыр 2019, 11:29
1370
Бөлісу:
Елордалық полицейлер көліктерді сатумен айналысқан алаяқты ұстады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері көліктерді сатумен байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта күдікті 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі. 

Тергеп-тексеру барысында ер адам қымбат көліктерді жалға алғаны, әрі қарай нарықтағы бағадан төмен бағаға машина сатып алғысы келетін азаматтардың сеніміне кіріп алып сатқаны белгілі болды. 

Осылайша, ол Lexus, Toyota Camry маркалы көліктерді сатып үлгерген. Күдікті арам пиғылын Қостанай қаласында да іске асырып, Nissan Qashqai автокөлігін сатқан. 

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның республика аумағындағы осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Аталған тұлғаның заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24,71-61-07 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз. Автокөлік сатып алу кезінде алаяқтың құрбаны болмау үшін абай болыңыздар!», - делінген таратылған хабарламада. 


Елордалық полицейлер көліктерді сатумен айналысқан алаяқты ұстады


Өзгелердің жаңалығы