Елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

3 Тамыз 2020, 15:03
1361
Бөлісу:
Елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның шешімімен елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет"МК" КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО-лар қызмет алушыларды жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО сенбі күні қосымша 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Жаңа жұмыс уақытына байланысты ХҚКО-ға кезекті 16.30-ға дейін (авто ХҚКО-ға сенбі күні 15.30-ға дейін) брондау қажет, - делінген хабарламада.

Қызмет алушылар ХҚКО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде тәртібі қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса, ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.

Қызмет алушы азаматтар арнайы медициналық бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы