Елордалық дәрігер қатерлі ісіктің негізгі себептерін айтты

4 Ақпан 2023, 19:20
14868
Бөлісу:
Елордалық дәрігер қатерлі ісіктің негізгі себептерін айтты
Фото: gov.kz

Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, онколог-маммолог Юрий Жуков қатерлі ісік қандай салдардан туындайтынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, тұқым қуалаушылық – жақын туыстарында (әсіресе жас кезінде) сүт безі қатерлі ісігі анықталған жағдайда қауіп 3-5 есе жоғары. 

Физикалық жарақаттар, яғни сүт безіне жарақат алған кезде ауруға тап болу пайызы 4 пайыздан 44 пайызға дейін артады. Дұрыс емес тамақтану – жануар майларын шамадан тыс тұтыну, жоғары калориялы тағамдар, А, Е, С, Д дәрумендерінің жетіспеушілігі, - дейді Юрий Жуков.

Айтуынша, қатерлі ісікке уайым-қайғы да үлкен себеп болады.

Бала туу функциясы – ерте немесе кеш етеккір (12 жасқа дейін және 16 жастан кейін), кеш менопауза (53-55 жастан кейін), кеш алғашқы босану (26 және одан жоғары), жалпы 40 жастан кейін бала дүниеге әкелу, жиі түсік тастау, алғашқы бедеулік, жыныстық өмірдің кеш басталуы және тұрақсыздығы, омырау сүтімен қысқа мерзімді емізу немесе мүлдем қолданбау. Бұл да негізгі факторлардың бірі. Сол сияқты бауыр, қалқанша без, аналық без, бүйрек үсті безі, гипофиз сынды функциясының бұзылуы да себеп болады.Экологиялық факторлар – иондаушы сәулелену, электромагниттік өріс, ластанған: ауа, су, өнімдер, - деді дәрігер. 

Өзгелердің жаңалығы