Елордалықтар 8 баласымен вагонда тұратын отбасыға көмектесті

10 Ақпан 2020, 12:14
2814
Бөлісу:
Елордалықтар 8 баласымен вагонда тұратын отбасыға көмектесті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткенде елорданың іргесінде 8 баласы бар Айнұр Ысқақованың отбасы вагонда тұрып жатқаны туралы жаздық.

Мәселенің мән-жайын білу үшін "Байқоңыр" аудандық әкімдігіне хабарластық. Олар отбасындағы кіріс жоғары болғандықтан атаулы әлеуметтік көмек берілмегенін және Қызылорда қаласында үй кезегінде тұрғандықтан елордада үй кезегіне тұра алмай отырғанын жеткізді.

Араға 3-4 күн салып әкімдіктегілер мен Nur Оtan партиясының өкілдері Айнұр Ысқақованың үйіне көмір түсіріп берді.
Ал, BAQ.KZ сайтында шыққан материалымызды оқыған елордалықтар киім-кешек пен азық-түлік жеткізіп берді.

8 бала 2.jpg

Материалды оқығанда бұл отбасының балалары мен оқыған мектепте оқитынын білдім. Бірден інілеріме үйін тауып беріңіздерші деп өтініш айттым. Алайда таба алмады. Содан соң редакцияға хабарластым. Ал, қасымдағы әріптестерім мен күйеуіме көмектесейікші дегенде барлығы қолдады. Қуанып кеттім. Содан біреулері ақшалай, біреулері азық-түлікпен көмектесті. Бір танысым кішкентай бөпеге коляска сыйлады. Енді күйеуім отын әкеліп берем деп отыр. 8 баламен болмаса да, жай үлкен адамның вагонда тұруының өзі қиын. Енді үйлі болып, балаларының жылы жерде өскенін тілеймін, - деді елорда тұрғыны Ида.
Бұдан бөлек бүгін елорда "Гастрономия көшбасшылары" Қазақстан бас аспазшылар клубыны  "Dears" мейрамханасына мүмкіндігі шектеулі балалар мен мұқтаж отбасылардың балаларына арнайы ас әзірлеп, арнайы бағдарламамен көңілдерін көтерді.
Мен 8 баласы бар отбасын BAQ.KZ ақпарат агенттігінен оқыдым. Бірден жанымдағы әріптестеріме айттым. Олар осы шараға қатыстыруға келісіп, бүгін міне кең дастархан басында жиналдық. Көңіл-күйін көтеріп, бір сергіп қалады деген ойдамыз. Себебі 8 баламен анасы бір жерге шығуы да оңай емес. Бүгін сондай мүмкіндік бізге туып тұр. Алдағы уақытта үйлі болып, Айнұрдың балаларының қызығын көруін тілейміз, - деді ҚР Бас аспаздар клубының мүшесі Дильноза Мырзамұратқызы.

WhatsApp Image 2020-02-10 at 11.46.28.jpeg

Айнұр Ысқақова әкімдік айтқан жалақы бір жыл бұрын болғанын, қазір күйеуі ондай айлық алмайтынын дәлелдеп, күйеуінің жұмысынан жалақы туралы анықтамасын көрсетті. 

Негізі күйеуімнің жалақысы тұрақты емес. Бірде 300 мың, бірде 30 мың алып қалады. Әр кез әр қалай. Бір жыл бұрын АСП-ға тапсыратын кезде 6 ай жақсы алып жүрген және өзім де декретке байланысты мемлекеттік пособиені алғанмын. Сол базадан шығып тұрған. Бірақ ол пособие бір реттік және кейін міне көріп тұрғаныңыздай айлығы күрт төмендеді. Енді өткенде әкімдіктегілер АСП-ға құжат өткізіңіз дегенге қайтып өткіздім, - деді 8 баланың анасы.
8 бала 3.jpg

Сонымен қатар, Айнұр Ысқақова тиісті құжаттарды өткізіп, енді АӘК  алатын болып отыр. 

8 бала 4.jpg

"Байқоңыр" ауданы әкімінің ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары Ерлан Жаулыбаев отбасы туралы аудан әкіміне ескерткенін және отбасы әкімдіктің бақылауында екенін" әкімдік қызметкерлері телефон арқылы жеткізді.

Енді алдағы уақытта әкімдіктен жақсы жаңалық күтеміз.

Өзгелердің жаңалығы