Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

15 Қазан 2020, 18:20
2277
Бөлісу:
Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Жас маман» жобасы аясында техникамен жабдықталған Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы колледждің жұмысы таныстырылды.

«Жас маман» жобасы аясында елордадағы Политехникалық колледж заманауи құрылғылармен жабдықталды.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Бұл бағдарламасы бойынша биыл үлкен лабораториялар жасадық. Соның бірі – автомобильдерге қызмет көрсету зертханасы. Ең алдымен бұл кабинеттер халықаралық стандарттарға сәйкес жасалды. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің талабын ескердік. Осыған дейін құрылғылар жетіспеушілігі болды. Сондықтан жұмыс берушілер түлектерді жұмысқа алған соң қайта оқытатын. Енді жабдықталған құрылғылар арқасында түлектер жұмысқа орналасқанда бірден жұмысқа кірісіп кетуіне мүмкіндік болады. Әр құрылғының өзінің 16-17 зертханалық жұмысы бар. Автосервис, СТО-ға барған кезде жеңіл көліктерге, автобустарға және басқа да түрлі көліктерге қызмет көрсетуге арналған зертхана, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Политехникалық колледжінің директоры Қасымхан Сенғазыев. 

Оның айтуынша, осындай лаборатория жұмыс берушіні де, оқу орнын да, ең бастысы студенттердің де табаптарын қанағаттандырады. 

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Осы мамандықты бітірген түлектің барлығы, яғни 100%-ы жұмысқа осы өз мамандығы бойынша кіреді. Олар біздің жұмыс берушілерге барып жұмысқа орналасады. Олар қаладағы үлкен автосервистер. ЖОО-ға түсетіндер болса, ары қарай оқуларын жалғастыра алады. Ал ЖОО-ға түскен түлектеріміз де осы колледжде алған мамандықтарын жалғастырып жатыр, - деп атап өтті колледж директоры.
Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Ол мәлім еткендей, студенттерге білім беретін мамандар, мұғалімдер арнайы курстардан өткен.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Студенттерге білім беретін мамандарымыз бар. Яғни олар өзіміздің мұғалімдер, арнайы пәннің шеберлері. Осы мамандар лабораторияда қалай жұмыс істеу бойынша алдын ала оқудан, сертификациядан өтті. Енді ары қарай оқытылған мамандар студенттерге білім беруін жалғастырады, - дейді Қасымхан Сенғазыев.
Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Электромобиль зертханасын қаладағы №1 автопаркке келген 100 электробуске арналып жасалған. 

Қаладағы электробустарды жөндейтін мамандар жоқ. Осылайша, біздің колледждің түлектері оқуларын бітірген соң сол автопарктерге орналасып, электробустар жөндеудің маманы атанады.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Қазіргі таңда колледжде техникамен 3 лаборатория жабдықталған. Құзыреттілік бойынша қосымша 5 IT кабинеттері ашылған.

Колледждегі барлық шеберхана мен зертханалар «Жас маман» жобасы аясында жаңартылды. Оқу жабдықтары әлемдік жетекші компаниялардан шамамен 230 миллион теңгеге сатып алынды. Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар кабинеті де жаңа технологиялармен толықтырылды.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Колледж жұмысын таныстыру барысында аталған оқу орнының түлектеріне жұмыс ұсынатын елордалық автосервис орталығының өкілі Дмитрий Ганьба мамандардың артықшылығы туралы айтып берді.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Аталған колледж біздің бұрыннан келе жатқан әріптесіміз. Бұл жерде бізге қажетті мамандар даярланады. Біздің сервисте жұмыс істейтін мамандардың шамамен 70%-ы осы колледждің түлектері. Ең бастысы – автомобиль тақырыбы. Бұл колледжден келген мамандар тек көлік жөндеп қана қоймай, оны сатумен айналысуға да бейімделеді. Яғни, бұл жерде олардың автокөлік жайындағы техникалық білімдері маңызды рөл атқармақ. Мұндай түлектерге, мамандарға сұраныс екі есеге артатынына сенімдімін, - дейді ол.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Жұмыс берушінің айтуынша, бұған дейін мамандардың теориялық білімдері басымырақ болған. 

Бізге түлектерді жұмысқа алатын кезде практика жүзінде оларды шыңдауға көп көңіл бөлетін едік. Енді түлектер бірден колледжден шыңдалып шығады. Осы құрал-жабдықтарды алу кезінде біздің компанияда бағалауға атсалысты. Енді мамандар өз білімдерін екі есеге көбейтетініне сенімдімін, - деп атап өтті Дмитрий Ганьба.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Оның сөзінше, енді жұмыс берушіге білікті мамандарды жұмысқа қабылдау өте ыңғайлы болмақ. 

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Жұмыс беруші компаниядағы мамандарының жалақысы шамамен біліктілігіне, лауазымына сәйкес 150-500 мың теңге көлемінде екенін айтты. 

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Нарықта автоэлектрик, диагностиктер жетіспеушілігі айтарлықтай байқалады. Елордада бұл колледж осындай мамандарды оқытатын жалғыз оқу орны. Қалғандары өз бетінше білім алғандар, кейбірі «гаражда» білім алғандар. Бұлар - нағыз білікті мамандар емес. Себебі, автомобиль нарығы дамып келеді, автомобильдер жылдан жылға жетілдіріліп келеді. Сонымен қатар технологиялар дамып жатыр. Айтайын дегенім, кәсіби білім беретін мекеме ғана арнайы білікті мамандарды даярлай алады. Осыған дейін, мамандарымыздың біліктілігін арттыру үшін Ресейге жіберіп немесе керісінше осында шақыратынбыз, - деді жұмыс беруші Дмитрий Ганьба өз сөзінде.
Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Ол айтқандай, колледждің түлектеріне Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де сұраныс артатынына сенімді.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды

Сондай-ақ Политехникалық колледжде білім алған маман жоғары білікті диагностик болып шығады дейді.

Елордадағы Политехникалық колледж жаңа құрылғылармен жабдықталды


Өзгелердің жаңалығы