Елордадағы мекемелер штаттық режимге ауысты

6 Қаңтар 2022, 12:35
747
Бөлісу:
Елордадағы мекемелер штаттық режимге ауысты
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада банктерден басқа барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр . Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

Банктерді есепке алмағанда Нұр-Сұлтан қаласының барлық нысаны штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар қоғамдық көліктерде штаттық режимде жұмыс істеуде, - деді Ақмарал Олжабаева агенттік тілшісіне.

Оның нақтылай түсуінше, елордада интернет шектелген. Осыған байланысты банк қосымшасы арқылы жолақысын төлей алмаған жолаушылар діттеген жеріне тегін бара алады.

Айта кетерлігі, елордада сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр.

Дегенмен, азаматтарды адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырамыз. Қазір ең маңыздысы – қауіпсіздік, – деді Ақмарал Олжабаева.

Өзгелердің жаңалығы