Елордада жұмысшылары екпе алмаған құрылыс нысандарының жұмысы тоқтайды

25 Маусым 2021, 22:23
6395
Бөлісу:
Елордада жұмысшылары екпе алмаған құрылыс нысандарының жұмысы тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакцинацияланған қызметкерлердің қатары аз болса, нысанның жұмысы тоқтайтынын мәлімдеді. 

Биыл әлеуметтік нысандар, яғни қолжетімді, жеңілдікті тұрғын үй, оқу орындары, аула клубтары және т.б. нысандар құрылысының көлемі ұлғайды. Ірі құрылыс компанияларының басшыларымен кездестік. Жұмыс жоспарын талқылап, уақытын белгіледік. Эпидемиологиялық жағдайды және нысанда жұмыс істейтін адамның көптігін ескере отырып, міндетті түрде вакцинациялау ұсынылды (медициналық тұрғыда рұқсат етілмегендерден бөлек). Вакцинация нысанда жұмыс істейтін қызметкерлерді және олардың отбасын, сондай-ақ айналасындағы жұртты қорғайды. Осылайша коронавирустың таралуы тоқтайды. Вакцинацияланған қызметкерлердің қатары аз болса, нысанның жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз. Себебі елордамыз бен тұрғындарымыздың қауіпсіздігі бәрінен жоғары, - деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі.


Өзгелердің жаңалығы