Елордада жұмыссыз азаматтар қысқамерзімді оқыту курстарына іріктелуде

4 Қазан 2019, 14:35
1860
Бөлісу:
Елордада жұмыссыз азаматтар қысқамерзімді оқыту курстарына іріктелуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға іріктеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Оқу курстары 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік нәтижелі жүмысмен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылы барлығы мыңға жуық адамды қысқамерзімді оқыту көзделіп отыр. Бүгінгі күні 711 қатысушы 18 мамандық бойынша 11 оқу ұйымына жіберілді. Оның 247 курсты аяқтап, 109 жұмысқа тұрды. Сондай-ақ комиссия 289 жаңа бизнес идеяны жүзеге асыруға грант беруді құптады. Оқу кезінде қатысушыларға ай сайын 16759 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарына түзетуге сәйкес, қосымша 450 адамды қысқамерзімді курстан өткізу көзделген. Қазіргі күні топтарты жасақтау үшін алдын ала тіркелу жүріп жатыр. Қысқамерзімді оқу курстары есепші, слесарь-сантехник, аспаз, наубайшы Кондитер, Web-дизайн, әкімші, тігінші, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі, уқалаушы, шаштараз, кибер қауіпсіздік саласының маманы, видеографика және анимация, электрдәнекерлеуші, мектепке дейінгі білім беру педагогы, автоэлектрик, риэлтор, мемлекеттік сатып алу бойынша маман, видеоинженер оператор, музыка терапевт, инетерапевт, сарапшы-бағалаушы, сурдраудармашы және визажист  мамандықтары бойынша жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы