Елордадағы жәрмеңкеге Алматыдан 39 тонна картоп әкелінеді

6 Қыркүйек 2019, 20:31
1167
Бөлісу:
Елордадағы жәрмеңкеге Алматыдан 39 тонна картоп әкелінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  7 және 8 қыркүйекте «Хан Шатыр» СОО алаңында Алматы облысы тауар өндірушілерінің кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Оған 17 аудан, 3 қала мен «Жетісу» ӘКК қатысады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

"Жәрмеңке екі күн бойы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Өңір тауар өндірушілері елордаға 48-ден астам өнім түрін әкелмек. Өткізу жоспарланған тауар көлемі 330,9 тоннаны құрайды, сомасы 163,0 млн теңге. Оның ішінде: ет өнімдері – 32,9 тонна, көкөніс - 105,1 тонна, картоп – 39,1 тонна, жеміс - 32,2 тонна, сүт өнімдері - 14,5 тонна, балық өнімдері - 15,7 тонна, бал - 0,5 тонна және өзге де тауарлар-88,5 тонна. Барлық өнім санитарлық-ветеринарлық талаптарға сай болады,сонымен қатар сатушыларда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болады. Сондай-ақ жәрмеңке аумағында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымдары өнер көрсететін мәдени бағдарлама ұйымдастырады", - делінген таратылған ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы