Елордада «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» отырысы өтті

21 Сәуір 2022, 17:25
1679
Бөлісу:
Елордада «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Бүгін Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Ұлттық құрылтай құрамы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров та өз пікірін білдірді. Депутат институт құрамына депутаттар, сарапшылар мен саясаттанушылар кіретінін айтты. 

Елордада «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» отырысы өтті

Жаңа кеңесші орган Қазақстанның барлық облыстарында жұмыс істейді. Бұрын облыстық және аудандық деңгейде болған барлық қоғамдық кеңес «Ұлттық құрылтай» форматына енеді, – деді депутат.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруда «Ұлттық құрылтай» құрудың маңыздылығын атап өтті. 

Елордада «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» отырысы өтті

Жаңа Қазақстанды жаңа қағидаттар мен жаңа жұмыс форматтарынан бастау керек. Жаңа «Ұлттық құрылтай» институтын құру барлық ұлттық жоба мен стратегиялық құжаттарды ашық талқылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – мемлекет пен жұртшылықтың ел дамуының неғұрлым тиімді моделін әзірлеу жөніндегі ортақ жұмысы, - деді Саясат Нұрбек .

Отырыс барысында сарапшылар жаңа институттың қандай функциялары мен өкілеттіктері болуы тиіс екендігі туралы өз көзқарасын айтып, пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қоғам мен мемлекет арасында тұрақты кері байланысты қалыптастыру жөніндегі қадамдарды талқылады. 

 

Өзгелердің жаңалығы