Елордада ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды

12 Қазан 2022, 20:36
784
Бөлісу:
Елордада ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды
Фото: автордан

Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, кезекті отырыс дәстүрге сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Саммиті қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық етеді. 

Іс-шараға қатысушылар өңірлік және халықаралық күн тәртібі, сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды деп күтілуде. 

ТМД Сыртқы істер министрлері алдағы ТМД саммитіне, сондай-ақ биыл 28 қазанда Астана қаласында өткізіледі деп жоспарланған ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қол қоюға шығарылатын құжаттардың жобаларын қарайды. 

Отырыстың қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы әріптестікті әрі қарай нығайтуға бағытталатын шешімдер айтылады деп күтіліп отыр. 

Сондай-ақ Достастық елдерінің Сыртқы істер министрлері маңызды құжаттардың жобаларын талқылайды. Айта кетерлігі, ол құжаттар 14 қазан күні Астана қаласында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылады. 

Достастық елдерінің Сыртқы істер министрлері 14 қазан күні Астана қаласында өтетін ТМД Саммитінде талқыланатын құжаттарды қарайды. Айта кетерлігі, бұл жиында ТМД Саммитінде ел президенттерінің қарауына шығарылатын құжат жобаларын келіседі.    

Өзгелердің жаңалығы