"Таза Қазақстан" экобағдарламасы аясында өткен "Таза Қазақстан – таза Астана" байқауының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты – "Таза Қазақстан" экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және кәдеге жарату; су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу; "Таза Қазақстан" мемлекеттік экологиялық бағдарламасы шеңберінде "Астана Тазалық" қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.
Байқауға 60-тан астам журналист пен блогер қатысып, 100-ден астам материал келіп түсті. "Астана Тазалық" ұйымы бірінші рет өткізіп отырған байқау үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. "Таза Қазақстан" акциясын қолдау мақсатында түрлі материал жарияланды. Бұл – үлкен шара. Біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді "Астана Тазалық" ЖШС директоры Замир Сагинов.
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: "Үздік телевизиялық материал", "Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым", "Баспа басылымындағы үздік мақала", "Интернет-басылымдағы үздік жарияланым".
"Үздік телевизиялық материал" номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Томирис Біләл, "24KZ" телеарнасы;
2 орын – Карима Садуақас, "QAZAQSTAN" телеарнасы;
3 орын – Мөлдір Сыздықбаева, "Хабар" телеарнасы;
3 орын – Дильназ Ерланова, "Астана" телеарнасы.
"Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым" номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Тимур Асылханов, блогер;
2 орын – Назым Бөлесова, Baq.kz;
3 орын – Данияр Сейсенбаев, блогер;
3 орын – Аршат Оразов, блогер;
"Баспа басылымындағы үздік мақала" номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Райхан Рахметова, "Астана ақшамы" газеті;
2 орын – Кәмила Дүйсенова, "Айқын" газеті;
3 орын – Шернияз Жалғасбекұлы, "Заң" газеті;
3 орын – Бақытбек Қадыр, "Егемен Қазақстан" газеті;
"Интернет-басылымдағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Мақпал Орынбекқызы, Baq.kz сайты;
2 орын – Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz сайты;
3 орын – Ләззат Салимова, Nur.kz сайты;
Сондай-ақ, бірнеше БАҚ өкілі "Астана Тазалық" компаниясының арнайы сыйлығымен марапатталды:
Мөлдір Молдағали, "24KZ" телеарнасы;
Ажар Лаубаева, El.kz;
Қалмахан Құрманғали, "Turaninform.kz";
Мария Конюхова, "Elordainfo.kz" сайты;
Даля Насипова, "Алматы" телеарнасы;
Екатерина Тыщенко, "Вечерняя Астана" газеті;
Оксана Даирова, "Комсомольская правда" газеті;
Лаура Түсіпбекова, "Казахстанская правда" газеті.
БАҚ өкілдері "Таза Қазақстан" экоакциясының Астанада жүзеге асырылуын материалдарында жан-жақты насихаттаған.
Айта кетейік, байқауға қатысу үшін биыл 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында шыққан мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі материалдар қабылданды.
Биыл сәуір айынан бастап "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында елорда тұрғындары жалпықалалық сенбіліктерге қатысты. Олардың әрқайсысы бекітілген аумақты қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жасыл желектер отырғызды. Мұндағы мақсат – көпшілік арасында тазалық мәдениетін дәріптеу.