Елордада өрт сөндіру қызметінің үздіктері анықталды

24 Қыркүйек 2019, 18:51
1532
Бөлісу:
Елордада  өрт сөндіру қызметінің үздіктері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Өрт сөндіру қызметінде үздік газ-түтіннен қорғану тобын анықтауға арналған жарыс өтті. Оған елордалық гарнизонның барлық бөлімдері қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Үздік бөлім атану үшін өрт сөндіру қызметінің барлық құрылымдарының өкілдері қатысты. Жарыс 6 жаттығудан тұрды, олардың әрқайсысын орындау қажыр-қайрат пен шыдамдылық және дайындықты қажет етеді. Жарыстағы негізті тапсырманың бірі сатымен үшінші қабаттың терезесіне шығу арқылы өрттен зардап шеккен адамды арқанның көмегімен қауіпсіз жерге шығарып, құтқару болды.

"Тапсырманың бұл кезеңінде барлық команданың жұмысы маңызды, себебі әр секунд қымбат. Қазылар алқасы өрт сөндірушілердің соңғы іс-қимылдарын мұқият бақылайды, өйткені шынайы өмірде аталған топ адамның өмірін құтқарады. Сол себепті өрт сөндірушілердің адамға деген қарым-қатынастары мен іс-қимылдары ұқыпты болуы тиіс. Жарыстың ең қиын кезең - жылу түтін камерасында жұмыс істеу болды. Өрт сөндірушілердің міндеті түтіндеген бөлмеге кіріп, зардап шегушіні таза ауаға шығару. Бұл жаттығу газ-түтіннен қорғаушыларға зардап шеккендерді іздеу және өрт ошағын сөндіру бойынша өз іс-әрекеттерін жетілдіруге көмектеседі. Барлық бөлімнің іс-әрекеттерінің кәсібилігіне, үйлесімділігіне және шапшаңдығына жапа шеккен адамның өмірімен бірге өрт сөндірушілердің өздерінің өмірлері тәуелді. Өйткені,  бөлім мүшелері бір-біріне тіркесіп, қатар жүреді", - делінген таратылған ақпаратта.

Сайыстың жеңімпаздары жаттығуды аз уақыттың ішінде бірінші болып орындау көрсеткіші бойынша анықталды. «Үздік газ-түтіннан қорғану бөлімі» атағын №2 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді. Екінші орынды №10 бөлімі иеленсе, ал №9 өрт сөндіру бөлімінің командасы үшінші орынды алды.


Өзгелердің жаңалығы