Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

17 Қазан 2020, 12:47
1901
Бөлісу:
Елордада өрт сөндіру депосы ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті. 

Елорданың Байқоңыр ауданында жаңа өрт сөндіру депосы қызмет көрсетеді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орайластырылған. 

Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде еліміздің өрт-құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында соңғы 15 жылда республикада құтқару қызметтері үшін 31 нысан салынды, оның ішінде 23 өрт сөндіру депосы және 8 құтқару стансасы бар. 

Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

Алтай Көлгінов әкімдік өртке қарсы қызмет объектілерінің құрылысына және азаматтық қорғау органдары үшін авариялық-құтқару техникасын сатып алуға көмек көнрсетіліп жатқанын атап өтті. 

Юрий Ильин мен Алтай Көлгінов елордалық жедел ден қою және төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін гарнизонға өрт техникасы мен реанимобильдердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. 

Сонымен қатар қызметкерлерге жаңа өрт сөндіру депосының жобасы аясында жүзеге асырылған қызметтік тұрғын үйдің кілттері берілді.  

Жоғары көрсеткіштері мен кәсіпқойлығы үшін көзге түскен қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды. 

Содан соң естелік лентасы кесіліп, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықовқа символикалық кілт табыс етілді.  

Жаңа төрт қабатты өрт сөндіру депосының ғимараты Нұр-Сұлтан қаласының Алаш ауданында салынды. Өрт сөндіру бөлімі жалпы ауданы 4 мың шаршы метр, 6 көлік орны бар. Депоның соңғы қабаттарында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана қарастырылған, онда 27 тұрғын бөлме мен жайлы пәтер бар. 

Өрт сөндіру депосы Байқоңыр ауданының аумағына қызмет көрсететін болады. Өрт сөндіру депосының қызмет көрсету аймағына тіршілікті қамтамасыз ету, сауда объектілері, өнеркәсіптік базалар мен қоймалар, саяжай алаптары кіреді.​ Сонымен қатар Ақмола гарнизонымен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес ТЖ-ны жою кезінде көмек ретінде бұл бөлім Қоянды, Софиевка тұрғын үй алаптарына барады. 

Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

Іс-шара өрт сөндіру депосына экскурсиямен жалғасты. 

Онда шақырылған қонақтар «Бөлім формулярында» бірінші жазбаны қалдырды және қызметтік үй-жайлардың функционалдық мақсаттарымен, жабдықтарымен, өрт техникасымен танысты, жатақхана бөлмелерін, қызметтік пәтерлерді көрді. 

Депоның мәжіліс залында министр мен әкім арасындағы Нұр-Сұлтан қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

Салтанатты іс-шара өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрама команданың оның кезеңдерінің бірі – «жауынгерлік қанат жаю» көрсетілімімен аяқталды.  

Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

Бүгінгі таңда елордалық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі - білікті кадрлары мен заманауи техникасы бар қуатты жедел қызмет екенін атап өткен жөн. 

Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы гарнизонының бөлімшелері өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 4 мыңнан астам шығу жасады. Бұл ретте 500-ге жуық адам құтқарылып, 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланады.​ ​ 

Өзгелердің жаңалығы