Елордада оқушылар арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиада өтті

3 Наурыз 2022, 10:51
993
Бөлісу:
Елордада оқушылар арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиада өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясымен бірлесе отырып, 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиадасын өткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқарамасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың географиялық білімінің, дағдыларының және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне I Ұлттық олимпиаданың және Жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңдері жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған (I, II және III дәрежелі диплом иегерлері) 98 оқушы 54 білім беру мекемелерінен қатысты.

Олимпиада нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен 7 оқушы, ІІ -11, ІІІ-16 және 15 оқушы грамотамен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының I, II және III дәрежелі дипломдары мен медальдары, грамоталары және «National Geographic Qazaqstan» журналы арнайы дайындаған брендтік сыйлықтар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы