Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды

3 Наурыз 2022, 10:41
1412
Бөлісу:
Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметін әшкереледі.

Бөлім басшысы мен оның қол астындағы екі қызметшісі 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып отырған, - делінген хабарламада.

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті үкімді олардың кінәлілік дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады

Өзгелердің жаңалығы