Елордада он дезинфекциялық кешен орнатылады

10 Сәуір 2020, 11:17
1742
Бөлісу:
Елордада он дезинфекциялық кешен орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда және ауруханалардың аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылады, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Нұр-Сұлтан қаласында он дезинфекциялық кешен орнатылады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен әрі қолдауымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен орнатылды. Медицина қызметкерлері жұмысқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өтеді.
Қондырғы бу генераторларының көмегімен жұмыс істейді. Дезинфекциялау құралдары бар бу шығаратын арнайы моторлар бар. Бұл кешен арқылы өту киімнің бар қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді. Қондырғыны медицина қызметкерлері күніне екі рет – жұмысқа шыққанда және ауысым аяқталған соң пайдаланады. Науқастарда осы кешен арқылы өте алады, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков.

Осындай кешендер басқа да медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылады.
Өзгелердің жаңалығы