Елордада Оқжетпес көшесі 10 шілдеге дейін жабық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

 17 Маусым 2020, 10:30
17 Маусым 2020, 10:30
1710

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 17 маусымнан 10 шілдеге дейін бұл учаскедегі көлік қозғалысы жартылай жабылады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау керек, - делінген хабарламада. 

Наверх