Елордада Наурыз мейрамында автобустар тоқтамайды

18 Наурыз 2021, 10:40
1648
Бөлісу:
Елордада Наурыз мейрамында автобустар тоқтамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамын мерекелеу күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - делінген CTS баспасөз қызметінің ақпаратында.

Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты жүреді. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Өзгелердің жаңалығы