Елордада ірі қойма өртке оранды

8 Сәуір 2024, 23:59
292
Бөлісу:
Елордада ірі қойма өртке оранды
VIDEO
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астанада Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды.

Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатуда. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізуде, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы