Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?

5 Қыркүйек 2021, 09:45
9237
Бөлісу:
Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында қалтаға салмақ салмайтын хостелдер мен жатақхана бағалары қандай болып тұрғанын көрелік. Бірақ Кrisha.kz сайтын бір шолып шыққаннан-ақ қалтаға салмақ түсетінін аңғардық. Өйткені пәтер жалдау бағасы шарықтап кеткен, хостел мен бірігіп бөлме жалдау құны да артқанын көріп отырмыз. 

Елордадағы жалдау нарығында дәстүрлі пәтерден басқа бірнеше бюджеттік жатын орын ұсынылған:

хостелдер;

бөлмелер (бөлек және бірге);

жатақханалар.

Хостелдерге тоқталып өтсек

Нұр-Сұлтанда бейресми деректер бойынша, жүзден астам хостел бар. Олар, әдетте, тұрғын үйлерде орналасқан, бірақ бөлек ғимараттарда да кездеседі.

Хостелдерде ер адам мен әйелдерге арналған  бөлек зоналар бар. Әдетте бөлмелерде 4-тен 8-ге дейін төсек бар. Отбасы үшін кейде бөлек бөлме ұсынылады.

Мына бір хостелдің бағасы тәулігіне 5 мың теңге. 

Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?

Тұру шарттары келесідей: жалға алушыға ұйықтайтын орын, кішкене шкаф, төсек-орын беріледі. Сондай-ақ теледидар мен үстел ойындары қойылған ортақ бөлме болады, ас үй, жуынатын бөлме, кір жуатын бөлмені хостел тұрғындары ортақ пайдаланады.

Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?

Бағасы ұсынылатын қызмет пен орналасу деңгейіне байланысты. Ең бюджеттік жатын орындар 2500 теңгеден басталады (бір тәулікке). Көбіне хостелдерге 4 және 8 төсек қойылады. Айына бір төсекті жалдау құны 25 мыңнан басталады. Сонда аядай бір бөлме үшін 100 мың теңге шығады.

Кей хостелдерде бір ай тұру құны шамамен 30 мың теңгені құрайды. Ұзақ мерзімге жалға алған кезде (бір айдан бастап) жеңілдік алуға болады.

Бөлмені бірігіп жалға алу құны қанша

Кrisha.kz-ті ашып қалсаңыз, бірге тұратын қыз-жігіттер іздейтін хабарландырулар да жетіп артылады. 450-500-ге жуық хабарландыру шықты.

Пәтерде немесе жеке үйде бір орынды жалға алу құны да пәтердің қай ауданда орналысқанына және неше адам тұруына байланысты өзгере береді. Баға айына 30 мыңнан 90 мың теңгеге дейін.

Жалға алатын адам саны неғұрлым көп болса, жалға алу соғұрлым арзан болады. Оның өзінде тек үй иесі рұқсат берсе. Қала шетінде оналасқан үй болса, арзанға түседі, бірақ бүгінгі күннің өзінде ең арзан баға 30 мыңның үстінде болып тұр. Сол жағалауда орналасқан пәтерден бір орын алу үшін кемі 50-80 мың теңге төлеуге дайын болыңыз.

Мысалы үшін Кенесары көшесінде орналасқан мына пәтердің бір бөлмесіндегі бір орын үшін баспана иесі 30 мың теңге сұрап отыр.

Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?

Отбасылық жатақханада бір бөлмені жалға алу құны 35 мың теңгеден басталады. 

Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?

Сәтбаев көшесінде орналасқан жатақханада бір бөлмені жалдау құны 75 мың теңге (коммуналдық төлемдер осы бағаға кіреді). Тек дәретхана мен жуынатын бөлме 4 отбасыға ортақ болады.

Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?

Жеке бөлмені жалға алу 60-80 мың теңге тұрады. Жуынатын бөлме мен ас үй, сонымен қатар, тұрмыстық техника (кір жуғыш машина, тоңазытқыш, микротолқынды пеш және т.б.) ортақ болады. Коммуналдық қызметтер бөлек төленеді, сома пәтерде тұратындардың барлығына тең бөлінеді.

Пәтерде тұрып жатқан адамдар әрқашан бірге тұратын қыз-жігіттердің жаман әдеттерінің болмауын жазып жатады. Тіпті кей жағдайда  «сіз тамақты бөлек ішесіз бе, әлде ортақ дайындайтын боламыз ба?», «қай жерде жұмыс істейсіз?», «түнде нешеде келесіз?» деген сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз.

Ал егер сол жағалаудан бір бөлмені жалға аламын десеңіз, 75 мың теңге төлейсіз.

Елордада хостел, бөлме және жатақхананы жалға алу құны қанша?

Қаланың Көктал ауданында 1 бөлмені 50 мыңға жалдап тұра аласыз.

Ал енді бір немесе 2 бөлмелі пәтерді жалға аламын десеңіз, бұл бөлек әңгіме. Өйткені былтырғыға қарағанда биылғы пәтер жалдау құны елордада өте қымбаттаған. Былтыр не болмаса алдыңғы жылы 2 бөлмелі пәтерді 130-150 мыңға таба алсаңыз, биыл ол бағаға 1 бөлмені тапсаңыз, қуанасыз.

Астанада жақсы ауданнан 1 бөлмені жалға алғыңыз келсе, 150-180 мың теңгеңіз дайын болуы керек. Ал коммуналдық төлем бұл соманың ішіне кірмейді.

Ал 2 бөлмелі пәтердің жалдау құны 220-300 мың, тіпті 400 мың теңгеге дейін жетіп жатады.

Басында баспанасы жоқ, қарапайым қазақстандықтардың қалтасы мұндай бағаны көтере алатынына күмән бар.



Өзгелердің жаңалығы