Елордада Гейдар Әлиев көшесіндегі учаскеде қозғалыс уақытша жабылады

19 Шілде 2021, 14:16
1002
Бөлісу:
Елордада Гейдар Әлиев көшесіндегі учаскеде қозғалыс уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Гейдар Әлиев көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 19-25 шілде аралығында Гейдар Әлиев көшесінің Асқар Тоқпанов көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы