Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйдің бірінде орын алған өрт тарады.
Желі қолданушыларының жазуынша, бұл өртеніп жатқан «Симфония» тұрғын үй кешенінің жанында ескі үй.
Бүгін, 11 маусымда сағат 19:48-де «Сарыарқа 1» мекемесіндегі өрттің негізінде астаналық өрт сөндірушілер шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде қараусыз қалған үйдің ағаш жәшігі жанып, үй ішінде жинақталған қоқыс жанып жатқаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өртті сағат 20:37-де сөндірді. Бұл өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 11 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды, – деп жазды Нұр-Сұлтан қалалқ төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.