Елордада Еңбек күніне арналған форум өтіп жатыр

22 Қыркүйек 2023, 15:09
785
Бөлісу:
Елордада Еңбек күніне арналған форум өтіп жатыр
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Елордада Еңбек күніне арналған форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумға елордалық жастар қатысып, тақырыптық сессия аясында депутаттар мен басқа да сарапшылардың баяндамасын тыңдап жатыр.

Спикерлер жастарға еңбек саласындағы жаңалықтар, жалақы жайлы, мамандықты қандай таңдау керегі жайлы сөз қозғауда.

Сонымен қатар форум аясында еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында жыл сайын «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Елордада Еңбек күніне арналған форум өтіп жатыр

Форум аясында Электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды.

«Еңбек нарығы. Болашақ мамандықтар» cессияның мақсаты – жастарды жаһандық трендтер, ағымдағы сын-қатерлер және экономика мен еңбек нарығындағы болып жатқан өзгерістер туралы хабардар ету. Спикерлер қатысушыларға еңбек нарығының жай-күйі, жақын уақыттағы сұранысқа ие және жаңа мамандықтар туралы айтып, кеңестерін бөлісіп жатыр.

Елордада Еңбек күніне арналған форум өтіп жатыр

«Еңбек жолы» республикалық конкурсын еңбек адамдарын танымал ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізеді. Оған үш номинация кіреді: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы».

Конкурстың негізгі міндеті – еңбек адамдары туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Өзгелердің жаңалығы