Елордада құбыр жарылып, көшені су басты

24 Тамыз 2020, 15:02
1496
Бөлісу:
Елордада құбыр жарылып, көшені су басты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада суық су құбыры жарылып, Пушкин көшесі су астында қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, бүгін сағат 12:30-да «ҚазГерҚұрылыс» ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында диаметрі 900 мм-лік шойын құбырды зақымдаған. Қазіргі уақытта аталған аумақта тұратын тұрғындарды басқа құбырға қосу және зақымданған құбырды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Су жеткізу ұйымдастырылды. Су таситын көліктің қай жерде тұрғанын 76-76-76 нөмірі арқылы анықтауға болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - деді баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университеті мен Отырар кітапханасы аралығындағы жолдың үстін су басқан. Адамдар жолдан арлы-берлі аяқ киімдерін шешіп өтуге мәжбүр.


Өзгелердің жаңалығы