«Жастар» сарайында 16 тамыз күні жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сағат 10:00-13:00 аралығында өтеді.
Іс-шараның мақсаты жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілер ұсынған орындарға орналастыру болып саналады.
Жәрмеңкеге елорданың 50-ден астам кәсіпорны қатысады, олардың ішінде Басқару колледжі, Қазақстан Швейцария-Американдық туризм және қонақ үй ісі колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сервис және туризм колледжі, AG Education ЖШС, «BabyBoom Education - Зеленый Квартал» балабақшасы, «Бақыт» ЖШС, BALQALA ЖШС, «Сапа Нан» ЖШС, «СМЭУ Астана» ЖШС және басқалары бар.