Елордада бірқатар автобустың жүру уақыты ұзартылады

4 Қазан 2023, 14:10
591
Бөлісу:
Елордада бірқатар автобустың жүру уақыты ұзартылады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Елордалық «Астана» футбол клубы 5 қазанда чехиялық «Виктория Пльзень» футбол клубына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сүйікті командаға барынша қолдау білдіріп, ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін футбол жанкүйерлеріне қалалық №10, 12, 26, 37, 40, 51, 53, 60 және 303 қала маңы бағдарларының жүру уақыты ұзартылады. Осылайша, жанкүйерлер ойыннан кейін межелі жерге кедергісіз жете алады, - делінген «City Transportation Systems» компаниясының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы