Елордада бірнеше қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгерді

24 Мамыр 2022, 10:45
1134
Бөлісу:
Елордада бірнеше қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бірнеше қоғамдық көліктің бағыттары өзгереді, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы № 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасы бар, - делінген жазбада. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаске жабылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Оның алдында екі көше жартылай жабылған.

Өзгелердің жаңалығы