Елордада бір түнде 50 мың текше метрден астам қар шығарылды

5 Қаңтар 2023, 18:15
1006
Бөлісу:
Елордада бір түнде 50 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада күн сайын қар күреуге мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлады BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 106 мыңнан астам жүк көлігінің көлеміне тең. 

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындардың қары күреледі. 

4 қаңтардан 5-іне қараған түні қаладан полигондарға 50 мың текше метрден астам қар немесе 3 808 жүк көлігі шығарылды. 

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтіледі.

Өзгелердің жаңалығы