Елордада балабақша кезегіне тұру өтінімдерін қарау аяқталады

19 Желтоқсан 2019, 08:45
3742
Бөлісу:
Елордада балабақша кезегіне тұру өтінімдерін қарау аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 желтоқсаннан 20-сына қараған түні (00.00 сағ.) Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұрған өтініш иелерінің жүйеде кезекке тұруын растау рәсімі аяқталады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы 2019 жылдың 19 желтоқсанынан 20-сына қараған түні (00.00 сағ.) мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұрған өтініш иелерінің жүйеде кезекке тұруын растау рәсімі аяқталатынын еске салады. Көрсетілген уақытта барлық белсенділік танытпаған өтініш кезектен алынып, стоп-тізімге жіберілетінін хабарлаймыз. Өтінімдерін қалпына келтіргісі келетін өтініш иелері осы процедураны жеке кабинеттеріне кіріп, кері қайтара алады. Өз кезегінде біздің тарапымыздан қызығушылықты растау үшін осыдан алдын екі ай берілгенін еске саламыз,- делінген хабарламада.

Білім басқармасының хабарлауынша, бұл хабарландыру бір жылдан астам белсенділік танытпаған барлық өтініш иесіне арналады. Өтінімнің жарамдылық мерзімі жеке кабинетте көрсетілген ("Менің өтінімдерім" бөлімі).

Өзгелердің жаңалығы