Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өтеді

25 Қаңтар 2022, 15:50
1519
Бөлісу:
Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысушыларды күзде елордада өтетін «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі» кеңеске қатысуға шақырды. 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің маңызды мүмкіндіктеріне назар аударғым келеді. Осы форумның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан АӨСШК тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Трансформация ағымдағы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру үшін біздің ұжымдық күш-жігерімізді сапалы жаңа деңгейге көтереді, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент әріптестеріне осы бастаманы қолдағандары үшін алғыс айтып, осы жылдың күзінде Қазақстанның астанасында өтетін мерейтойлық саммитке қатысуға шақырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қаңтар оқиғасынан» кейін елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы